Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
0
USD
524
+1.53
EUR
595
+1.84
RUB
6.38
+0.06

Шымкенттік бас полицей елді алдай ма?

Ел алдында сөз алған арнайы дайындалып келген азаматтар мен халық қалаулысы да жергілікті полиция қызметіне мадақ айтып, майын ағызып мақтады.

Алайда республикалық газет тілшісінің қойған тұрғындардан түскен сұрақтарынан кейін Мейірхан мырзадан маза қашты.

«Жақында жергілікті телеарна тілшілерімен рейд жүргізіп, құқық бұзған азаматты ұстадыңыз. Бірақ оның өз танысыңыз екені жайлы ақпаратқа не дейсіз?»,

деп сұрады журналист.

Осыдан кейін Данияр Мейірхан бұл оқиғаның көзбояушылық емес екенін айтып ақталды. Тәртіп сақшысы бұзақыға қатысты іс полиция қарауында екенін айтумен шектелді.

Халық уәжіне уақыт жетпей, жұрт арыз-шағымдарын жазбаша түрде бас полицейге өткізді.

Серіктестер жаңалықтары
загрузка...
© «365 Info», 2014–2025 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз