Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Шымкентте жол полициясы қызметкерінің өзі жол ережесін өрсекел бұзып, жазаға тартылды

111

Жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің кезекті рейді кезінде бірнеше жол ережесін бұзған, нөмірі жоқ, бүкіл әйнегі қараланған ақ «Priora» көлігі көзге түседі. Бірден ізіне түсіп, оны тоқтатқанда, көлік тізгініндегі адам қауіпсіздік белдігін де тақпаған, сонымен қатар көліктің құжаты да болмай шыққан. Кейін белгілі болғандай, бұл жол полициясының қызметкері екен. Ол жол ережесін бұзу себебін өз қызметінің жағдайымен ақтауға тырысқан.

„Қарғаның көзін қарға шұқымайды„ дегенге қанша келтіргісі келгенмен, оның мұнысынан түк шықпаған. Өйткені ол кездегі кезекшілік топқа жергілікті полиция қызметінің бастығы Данияр Мейірханның өзі басшылық етіпті.

„Бізде заң алдында бәрі бірдей. Егер полиция қызметкері болсаң, онда сұрау екі есе болады. Полиция киіміндегі адамның заң бұзуы деген барып тұрған бассыздық, оған мүлде жол берілмеуі тиіс. Міне, сондықтан да жол ережесін бұзған жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды„ – деді Данияр Мейірхан.

Оған 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 42 420 мың теңге айыппұл салынды. Ал оның көлігі айыппұл тұрағына қойылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз