Шымкентте ұрлығын мойындаған студентті ұрып-соғып жатқан видео пайда болды. Видеоны “Отырар” порталы жариялады.
Басылымның жазуынша, видео ұрып-соқты делінген жігіттің досына арналған. Видеоның басында студент төменгі курста оқитындардан пәтердің ақысына төленуі тиіс болған ақшаны алғанын мойындайды. Ол ертесі күні бұл ақшаны қайтарып беретінін айтады.
Алайда видео авторы мұнымен келіспей, ісі үшін жазасын алуы керек деп есептейді. Оны тізерлетіп, “малмын” деп айтқызады. Кейін студент төрт аяқтап, итті салады, жастық жалап, сүйеді. Осы уақыт бойы оған қорқыту, үркіту, қорлау мәніндегі былапыт сөздер айтылады.
Ескертеміз! Видеода былапыт сөздер айтылады!