Шымкент қалалық Еңбекші ауданының жергілікті полиция бастығы Бегалы Серікбай тұтқындалды.
Оған мемлекет қаражатын қолды қылған ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі деген күдік тағылуда.
ОҚО мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметіне сүйенсек, жергілікті сотымен шендіні қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Лауазымды азамат жұмыссыздарды әлеуметтік қызметпен қамтуға бөлінетін бюджет қаржысын ұзақ уақыт бойы, жүйелі түрде жымқырып келген. Шендінің қолдауында болған қылмыстық топ соңғы екі жылда талай адамды тазға отырғызыпты. Әзірге зардап шеккендердің жалпы саны белгісіз.
Жапа шеккен жұмыссыз азаматтар топ мүшелеріне сенімхаттарды өз қолдарымен жазып бергені анықталды. Олардың барлығына қылмыстық топ бюджет есебінен берілетін көмектің шамамен 5-10 мың теңгесін қолдарына ұстатып, қалғанын қалталарына басып келген.