Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті із-түссіз жоғалған 28 жастағы Шымкент қаласының тұрғынына іздеу салды, деп хабарлайды аталмыш департаменттің баспасөз қызметі.
2016 жылғы 16-мамырда Шымкент ішкі істер басқармасына Қаратау полиция бөліміне 61 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны өзінің 1988 жылы туылған ұлы, Ахынов Амангелді 2016 жылғы 11 мамырда жұмысынан шығып, әлі күнге дейін үйіне оралмағаны туралы арызданған.
Жоғалған азаматтың белгілері: бойы шамамен 170-175 см, орта денелі, көзі қара түсті, шашы қысқа, қара түсті. Үстінде киген киімі костюм және көк түсті шалбар, ақ түсті көйлек және қара түсті аяқ киім болған.
Із-түссіз жоғалған азаматты іздестіру мақсатында ОҚО Ішкі істер департаментінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды.
Тел.: 8-771-883-30-13, 8-747-909-99-66 немесе «102».