Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
4
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Шымкентте қорғанамын деп күйеуін өлтіріп алған әйелге аяушылық жасалмады

111

Адам өлімі болған қылмыстың тергеу құжаттарын қарап шыққан прокурорлар айыпталушыны 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын. Сот барлық жағдайды ескере отырып, өз шешімін шығарды. Айыпталушы 8 жылға бас бостандығынан айрылып, жазасын жалпы тәртіптегі түрмеде өтейтін болды.

Өткен жылдың жазында Ордабасы ауданының тұрғыны Болдықыз бен оның азаматтық некедегі күйеуі арасында жанжал туындаған. Соңы пышақ сұғумен аяқталады. Қантөгіске куә болған Болдығыздың екі баласы мен егде жастағы анасы сотталушы қорғану мақсатында әрекет жасады деп отыр.

Ал осы арада жәбірленуші тараптың өкілдері тергеушілер кісі өлтіру қылмысының барлық қатысушыларын анықтамады деген пікір айтуда.

Марқұмның отбасында 4 баласы бар. Ал сотталушының соңында екі баласы қалды. Оның біреуі — мерт болған азаматтан туған қыз. Бұл шешім әлі заңды күшіне енген жоқ. Екі тарап та апелляциялық шағым түсіреміз деп отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз