Шымкентте қымбат көлігімен жол жөндеп жүрген бір топ адамды қағып кеткен бай баласына халықаралық іздеу жарияланбақшы.
Бұл туралы КТК хабарлады.
20 жасар Исмайыл Сүлеймен 13-ші тамызда қала ортасымен жүйткіп келіп, 4 жұмысшыны қағып кеткен еді. Нәтижесінде, жол жөндеушілердің бірі оқиға орнында көз жұмса, тағы үшеуі ауыр жарақат алған. Көп уақытын шетелде өткізіп келген жігіт содан бері ұшты-күйлі жоқ.
АҚШ-тың беделді колледжінде оқуын аяқтап, Дубайда жоғарғы оқуын жалғастырып жүрген оған халықаралық іздеу жарияланбақшы. Тиісті құжаттарды рәсімдеп жатқан шенділер 20 жасар Исмайыл Сүлейменге қатысты бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғады.