Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Шымкентте бір көлік полицияны қағып өлтірді

Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиғада зардап шеккен азаматтар ағайынды болып шыққан. Олардың бірі Еңбекші аудандық полиция бөлімінің инспекторы екені анықталды.

1984 жылғы тәртіп сақшысы алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында жан тапсырған. Екінші зардап шеккен ер адам әскери бөлім қызметкері екен. 32 жастағы азамат аса ауыр жағдайда аураханаға жеткізілген.

“Тойота Камри” жүргізушісі жедел түрде тұтқындалды. Ол 1998 жылғы Атырау облысының тұрғыны болып шықты.

“Тұтқындалған азамат “Жол ережесін өрескел бұзып, адам өліміне әкеп соқтырғаны” үшін айыпталуда. Ол сот бұйрығымен тергеу уақытысына қамауға алынды” , – деді тергеу сотының судьясы Сержан Тоқтасынов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз