Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-2
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Шымкентте асыққан жүргізуші 6 жасар баланы қағып кетті

Оқиға 5 желтоқсанда орын алған, деп хабарлайды Оtyrar порталына сілтеме жасап Stan.kz.

Баланың әжесінің сөзінше, көлік жоғары жылдамдықта келе жатыпты.  6 жасар бала жолдан жүгіріп өтіп бара жатқанда жүргізуші тоқтап үлгермеген.

Егде жастағы әйелдің сөзіне қарағанда, бала көлік соққысының салдарынан бірнеше метр жерге ұшып түскен.

Өз кезегінде жүргізуші перзентханаға асыққанын айтып ақталды.

Оқиға орнына  жедел жәрдем бригадасы мен полицейлер жетті. Бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің сөзінше, баланың денесінде ашық немесе жабық сынық жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз