Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
7
USD
426
0.00
EUR
495
0.00
RUB
5.98
0.00

Шымкентте 300-ден астам көшенің халқы атаусыз көшелерде өмір сүреді

111

Осыдан төрт жыл бұрын облыс аумағына қарасты Төле би және Ордабасы аудандары аумағынан 40 елді мекен қалаға қосылып, Шымкент қаласының әкімшілік шекарасы өзгерген болатын. Нәтижесінде ауылдағы 600-дей көше қалаға қараған. Бұл өзгерістен атауы қайталанатын көшелердің саны артқан.

Бүгінде жаңа атау беруге байланысты халықтың келісімін алу жұмыстары жүруде. Барлық ұсыныстар облыс әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес пен облыстық қоғамдық кеңестің қарауына енгізілмек. Алдағы уақытта бұл мәселе облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында халық қалаулыларының талқысына түседі.

Шымкент қаласында бүгінде 2129 көше бар. Олардың арасында идеологиялық тұрғыдан ескірген 39 және нөмірленген 79 көшенің атауларын ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту жоспарланған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз