Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Шымкентте 23 жастағы жігіт үйленген күні ауруханаға түсіп, төрт күннен соң қайтыс болған

183

Ауруханада пациенттің денесін кеспестен ота жасауға мүмкіндік беретін құрылғы болмағандықтан, дәрігерлер кесу арқылы ота жасаған.

Төрт күннен кейін үйіне шығарылған 23 жастағы жігіттің қайта қызуы көтеріліп, түспей қояды. Алайда бір емес, бірнеше рет келген жедел жәрдем оны ауруханаға апарудан бас тартыпты.

«Департаментке барамын дегеннен кейін барып баланы қабылдайды. Мен білмеймін енді, түсінбеймін. Баланы бірден қабылдау керек қой.

Қызуы көтеріліп, оның үстіне отадан кейін. Не деген сұмдық бұл?!» – дейді Еркебұланның нағашы әпкесі Алмагүл Артықбаева.

Ендігі марқұмның туыстары кінәлілердің қызметінен кетуін талап етіп отыр.

«Бұлардың  мейірбикелері таңып беру үшін 500 теңге, анаған қарау үшін ақша алады. Бәріне ақша керек, өліп қалған ақшадан. Ақша болмаса сөйлеспейді.

Асқазан отасы екінші ауруханада 500 мың тұрады екен. Менің сіңлім, күйеу балам қай жақтан бес жүз мың тауып береді?! Өздері несиеде отыр», – дейді Еркебұланның нағашы апасы Сая Артықбаева.

Марқұмның туыстарының сөзінше, оның өліміне «вирустық сары ауру» себеп болғаны екен. Отадан кейін дені сау деп үйіне жіберілген жігіт оны ауруханадан басқа қай жерде жұқтыруы мүмкін, дейді олар.

Ал аурухана дәрігерлері өзін кінәлі санамайды. Десе де бас дәрігердің орынбасары бастаған топ марқұмның үйіне келіп, көңіл айтып, ата-анасынан кешірім сұрапты. Туыстары кешірім беріп, мәйітті қайта қаздырмаймыз деген шешімге келіпті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз