Ресейдің Владимир қаласында пойызбен соғылған қазақстандық автобустың кімге тиесілі екені әрі оның жүргізушісі тірі қалып, қазір ол полиция сұрауына алынып жатқаны белгілі болды.
Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Today.kz.
Жол апатынан автобус жүргізушісі Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, 1977 жылғы Нұрғали Сарманов аман қалды. Қазіргі уақытта одан тергеушілер жауап алып жатыр. Екінші жүргізуші 1970 жылғы Данияр Шілдебаев қайтыс болған.
Қазақстан дипломаттары қаза тапқан және зардап шеккен Қазақстан азаматтарының туысқандарына көмектесетін болады.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, апатқа ұшыраған қазақстандық автобуста мемлекеттік нөмір болған. Покров қаласы әкімдігінің басшысы автобустағы жолаушылар жұмыстан қайтып келе жатқан Өзбекстанның „гастарбайтерлері„ екенін айтып еді.
Естеріңізге сала кетейік, 6-қазанда Ресейдің Владимир облысында Покров станциясында жолаушылар автобусы мен пойыз соғылып, апат болған еді. Апаттан зардап шеккендер туралы ақпарат алу үшін желі іске қосылды. Ол: 8 4922 39 99 99 және 8 4922 40 61 32.