Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Шымкент тұрғыны ескі көлігін өткізіп, су жаңасын ұтып алды

Жеңімпаз оператор мен көлік иесі арасында жасалған келісімшарт нөмірі бойынша анықталды. Бағдарламаға қатысқан 5 665 азамат арасында ойнатылған бас жүлде – JAC S3 автокөлігі Шымкент қаласының тұрғыны Ілиясов Әлімжан Молдабайұлына бұйырды.

Әлімжан Ілиясов 1991 жылы шыққан ВАЗ 21063 көлігін утилизация бағдарламасы бойынша 2016 жылдың 12-желтоқсанында тапсырған. 25 жыл бұрын су жаңа күйде сатып алған көлігін осы күнге дейін өзі жүргізіп келген. Енді міне, тозығы жеткен машинасын 150 мың теңгеге тапсырып қана қоймай, су жаңа JAC S3 автокөлігінің иесі атанып отыр.

ҚР Энергетика министрлігі, «ӨКМ операторы» ЖШС, Allur auto Астана компаниясы ұйымдастарған шарада өзге де бағалы сыйлықтар ойнатылды. Бағдарламаға қатысушылар арасында ұтысқа ие болған Алматы, Қостанай, Талдықорған, Петропавл, Ақтөбе және Ақтау қалаларының тұрғындары да бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз