Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-2
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Шымкент: орталық көшелерде үнпарақтар таратылды

358

Осыған орай «AMANAT» партиялық тізімі арқылы сайлауға түсетін үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын жоспарға сай жүргізіп келеді. Шымкент қалалық мәслихатының депутаттығына үміткер Жанар Бектаева, Мақсат Абдукаримов, Арай Есенбек Шымкенттің ең ірі көшелерінің қиылысында болып, сайлаушыларға ақпараттық-насихат материалдарын таратты.

Шымкенттіктер саяси науқанға қызығушылық танытып, сұрақтарын қойып, партия белсенділерінің жауаптарын алуда. Үміткерлер, сонымен қоса, партиямыздың сайлауалды бағдарламасында қамтылған бағыттарды да түсіндірді.

Кандидаттар, мұнымен қоса, «Есіктен – есікке» принципімен жақын маңдағы үйлерді аралады. Пәтер иелерімен тілдесіп, алға қойған жоспармен бөлісті.

Қала тұрғындарының сайлауға қызығушылығы жоғары деуге болады. Кандидаттармен әңгімелесіп, өздерінің сұрақтарын қою мүмкіндіктерін пайдалануда, ұсыныстары мен талаптарын жеткізуде.

Айта кетейік, 19 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттардың депуттарын сайлау өтеді.

Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған “AMANAT” партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз