Бүгін Шымкенттің Рысқұлов көшесінен танктер мен брон көліктер жүріп өтті.
Өте жоғары жылдамдықтағы техника қаладағы ықшам аудандардың біріне қарай ызғытып өткен деп хабарлады NewTimes.kz.
Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті бүгін Шымкентте әскери жаттығу өтіп жатқанын жеткізген.
„Жаттығу өткізіліп жатыр, сондықтан арнайы техникалар жіберілген. Жаттығу Ақтас ауылы маңында өтіп жатыр„ деп хабарлады ОҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі Салтанат Қаракөзова.