Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Шымкент әкімі Азиададан жүлдемен оралған спортшыларға қаржылай сыйлық берді

Дүбірді додада оқ бойы озып шыққан әрбір спортшы мен оның бапкеріне млн теңгеден табыс етілсе, ІІ, ІІІ орын иегерлері мен жаттықтырушыларына 500 мың мен 300 мың теңгеден берілді.

Айта кетейік, осы жылдың 18 тамызы мен 2 қыркүйегі аралығында Индонезияның Джакарта және Палембанг қалаларында XVIII жазғы Азия ойындары өтті.

Аталған ойында 36 шымкенттік спортшы бағын сынап, оның 14-і жүлделі орын алды. Ерекше атап өтерлігі, спорттың көркем гимнастика түрінен шымкенттік қыздар командалық есепте бірінші орынға ие болса, жекелей жарыста Алина Адилxанова алтын медальды ел қоржынына салды.

Жас спортшылардың бұл жеңісі қазақстандық жанкүйерлер үшін көптен күткен жүлде болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз