“Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының өкілдері гондола жолындағы кабинканың құлап кетуі туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Бұл туралы курорттың ресми хабарламасына сілтеме жасап, Алматы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұдан бұрын әлеуметтік желіде құлап кеткен кабинка туралы бейнежазба жарияланған болатын.
“Биылғы 3-қаңтарда “Время” газетінің ғаламтордағы порталында оқырмандардың бірінен алынған бейнежазба жарияланып, оған “Шымбұлақтағы кабинкалардың бірі құлап кетті” деген тақырып берілген. Бұл мәлімет жалған және оған ешқандай негіз жоқ”, — делінген ресми хабарламада.