Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Шық десең шығамыз”. Сағадиев депутаттың жекпе-жекке шақырған ұсынысын қабыл алды

Бірақ министрдің айтуынша, мұндай “жекпе-жек” үкімет жұмысына сай емес деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Еске сала кетейік, Мәжіліс отырыстарының бірінде депутат Бекболат Тілеухан мектеп оқулықтардың сапасын сынай келе, министр Сағадиевті “жекпе-жекке” шақырған болатын.

“Қазір жауап бере алмасаңыз, баспасөз бетінде сізді жекпе-жекке шақырамын және сіздің жеңіп кетуіңізге шын жүректен тілектеспін. Өкінішке қарай, жеңіліп қаласыз-ау. Өйткені, ешқандай уәж жоқ. Ертең халықтың, сайлаушылдардың алдында біз жауап беруіміз керек”, — деген еді депутат.

Бүгін баспасөз мәслихатында министр осыған қатысты өз пікірін білдірді.

“Бекболат Тілеухан мені баспасөз бетінде дебатқа шақырған екен. Менің ойымша, ол дұрыс емес. Бекболат Тілеуханды оқулыктардың сапасын қарайтын комиссияға шақырдық. Бүгін мен өзім Мәжіліске звондап, айттым. Он бір депутат жазылған, соның ішінде Бекболат Тілеухан комиссия құрамында жұмысын көрсетсін. Мен қарсы емеспін (дебат өткізуге – автор ескертпесі). Бірақ, менің ойымша, ол үкіметтің жұмысы емес”, — деді Сағадиев бүгін үкіметте өткен баспасөз мәслихатында тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз