Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Шығыстағы ауылға ұлы Абайдың әжесінің есімі беріледі

124

Ақжал ауылдық округінінің орталығы Жаңаөзен ауылында тұрғындардың қатысуымен жиын өтті. Онда елді мекен атауын өзгерту мәселесі қаралды. Атап өтілгендей, Жаңаөзен ауылына ұлы Абайдың әжесі Зеренің есімін беру ұсынысы бұған дейін жасалған.

Ауыл бұрын Новореченск аталған, кейіннен тура аудармасымен Жаңаөзен ауылы деп өзгертілген.

«Өзенннің жаңасы болмайды. Өзеннің Шар деген өз атауы бар. Осыны ескере отырып, ауылдың атауын тегі Жарма өңірінен шыққан, Өскенбай бидің бәйбішесі, Құнанбай қажының анасы, Абайдың әжесі, азан шақырып қойған аты – Тоқбала, кейіннен Зере атанған, М.Әуезовтың «Абайдың туысы мен өмірі» атты мақаласы мен «Абай жолы» романында Алаш айнасы атанған Зеренің атымен атауға округ тұрғындары атынан ұсыныс енгіземін», – деді ауылдық округ әкімі Нұрлыбек Әлиясов.

Бұған дейін де бірнеше мәрте көтерілген ұсынысты округ тұрғындары бірауыздан қолдады. Кезектен тыс өткен жиынның қорытындысы бойынша, Жаңаөзен ауылын Зере ана есіміне ауыстыру жөнінде шешім қабылданды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз