Нұр-Сұлтан
Қазір
-15
Ертең
-20
USD
524
+1.73
EUR
547
+2.80
RUB
4.99
-0.06

Шығыс Қазақстаннан тағы бір Алтын адам табылды

378

Нәтижесінде сақ дәуіріне жататын 3 қорғаннан 3 мыңға жуық алтын заттар табылды деп хабарлады Хабар-24 телеарнасы.

Алтынмен апталған әйел адамның әр түрлі пішіндегі моншақтары және киімдеріне арналған жапсырмалар шыққан.

Сондай-ақ алтыннан соғылған ат әбзелдері де бар. Осы заттарға қарап ғалымдар бұл қорғандарда бекзадалар мен ханшайымдар жерленуі мүмкін деген болжам жасап отыр. Археологтар сол замандағы шеберлердің алтынды игеру технологиясын ерекше меңгергеніне таң қалып отыр. Жалпы Тарбағатай ауданында сақ дәуіріне жататын 200-ден астам қорған бар.

Зейнолла Самашев, археолог, тарих ғылымдарының докторы:

– Қазақстанда алтын адамдар көп. Сол алтын адамдардың қатарына тағы бір адам ескерткіші қосылды. Үлкен мемлекет өмір сүрген. Онда өндіріс болған. Археологтардың алдындағы міндет – тарихымыздың тереңде жатқанын, тарихи сабақтастықты көрсетіп, үлкен мәдениеттің мұрагері екенін көрсетіп, дәлелдеу.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз