Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Өзім санап бердім…”. Шығыс Қазақстанда зейнеткерлерді гипнозбен алдауға көшкен

Алаяққа алданған мына зейнеткер бәрі түс көргендей болдым дейді. Оның үйіне бас сұққан  белгісіз келіншек өзін әлеуметтік қызметкермін деп таныстырыпты.

Қант- шайын көтере келген оған Валентина Гнедова имандай сеніп қалған. Алайда, күдіктінің көрсеткен бес келі балы үшін қалайша 80 мың теңге ақшасын санап бергені есінде жоқ. Бәрі құдды бір елес секілді болды дейді ол. Араға екі сағат салып қана есін жиған кейуана тәртіп сақшыларына хабарлаған.

Кейін анықталғандай, әккі әйел бұрын да дәл осындай қылмысы үшін  сотталған екен. Түрмеде отырса да түзелмеген ол, маңайдағы ауылдарда тұратын бірнеше зейнеткерді осындай әдіспен үптеп үлгірген. Енді қылмысы дәлелденсе, күдікті 60 жасын өзі үйренген түрмеде тойлайтын болады.

“Күдікті ұсталынып, зардап шеккендерге қазіргі уақытта шығындары берілді , қайтарылды. Глубокое аудандық ішкі істер бөлімінің жедел іздестіру  шараларының арқасында біздің ауданда екі факт тіркелді,  бірі Белоусовка  кентінде, екіншісі Быструха ауылында”, – деді Глубокое аудандық ІІБ жедел уәкілі.

https://kaz.365info.kz/auyn-khara-ernar-ajdardyn-songy-kontserti-talkhyga-tysti-video-324415

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз