Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Шығыс Қазақстанда полицей мен ауыл жігіттері атысты

Оқиға туралы әлеуметтік желілерден белгілі болды. Кейінірек атыс туралы мәліметті ШҚО ІІД растап берді.

“Қатон-Қарағай ауданында орналасқан Үлкен Нарын ауылында бірнеше адам осы ауылдың тұрғынына дене жарақатын салған. Ол полицияның көмегіне жүгінген. Жәбірленуші мен полицей бұзақыларды көлік жөндеу бекетінен тапқан. Қаруланған адамдарға полицей жақындай бергенде, бұзақылардың бірі жәбірленушіге қарай оқ атып, аяғын жаралаған. Екінші бір бұзақы суық қаруды полицейге қарай ұрған. Осы кезде ескерту ретінде оқ атқан полицей бұзақыларды табельді қаруымен жаралаған.

Олардың бірі ауруханада қайтыс болды.

Үшінші адам оқиға орнынан қашып кеткен, жедел-іздеу шаралары барысында полицейлер оны ұстады”, – дейді ШҚО ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар облыстық ІІД қазіргі уақытта бұзақылық және қауіпсіздік шарасы үшін кісі өлтіру баптары бойынша, сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Арнайы сараптамалар тағайындалған. Тергеу барысын ШҚО ІІД-нің басшылығы назарына алған.

Тергеу органдары бұзақылардың осындай әрекетке баруының себебін анықтап жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз