Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-2
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Шығыс Қазақстан облысында бір сарбаз өзін-өзі атып, көз жұмды

103

Бұл мәліметті ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіндегілер растады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, жігіт Алматы облыстық Қарасай ҚІО-дан шақыртылған.

“Бекітілген автоматпен оң жақ кеуде тұсына оқ атқан. Оны Зайсан қалалық орталық аудандық ауруханаға шұғыл тасымалдау шарасы жүргізілген. 14.00-де жедел жәрдем дәрігерлері орталық ауруханаға алып бара жатқан жолда сарбаз қайтыс болды, диагнозы – оң жақ кеуде тұсына оқ тиген”, – делінген хабарламада.

Өлім дерегі бойынша әскери тергеу органдары ҚР Қылмыстық кодексінің “Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу” бабының 1-бөлігі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Күдіктілер әлі анықталмаған.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз