Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Шығыс Қазақстан облысында асхана қызметкері туберкулезбен ауырғаны белгілі болды

Басылымның мәліметінше, мектептегілердің күтпеген жерден флюрография мен манту сынамасын жасатуы ата-аналарды алаңдатқан.

Мектеп әкімшілігіндегілер бұл мәліметті растады. Айтуларынша, науқасты жұмысқа алғаны үшін жауапкершілікті асхананы жалға алған адам алады. Туберкулез диагнозы қойылған әйел адам тексерістен 3 қыркүйекте өткен. Ал оның науқас екені жайлы тек қазан айының ортасында белгілі болған.

ШҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаментіндегілердің мәліметінше, ол 8 қазанда Винное ауылында жедел жәрдем қызметінің көмегіне жүгінген.

Кейін 16 қазанда әйел адам тағы да ауырып, облыстық ауруханаға жеткізілген. Ренгтген жөтел мен дене температурасының көтерілуіне бронхит емес, туберкулездің жұқпалы түрі себеп екенін көрсеткен.

Әйел бірден облыстық туберкулезге қарсы диспансерге жіберілген. Басылымның мәліметінше, қазіргі уақытта ол стационарлық ем алып жатыр.

Осы дерек бойынша асхананың барлық қызметкері медициналық тексерістен өтті. Нәтижелері дұрыс.

Сондай-ақ, асхананың жалға алған адамға қатысты әкімшілік іс қозғалғаны айтылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз