Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“…Шығынды кейін есептейміз”. Үкімет су тасқынына байланысты өтемақы төлеуге дайын емес

Бүгінде Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында мыңннан астам баспана судың астында қалды. Қауіпті аймақ қатарына Шығыс Қазақстан облысы да қосылуы мүмкін. Ал тасқын салдарынан қазір үш өңірде: Қарағанды, Жезқазған, Қостанайда жол жабық.

“Су тасқыны салдарынан облыстық жолдарға да зиян келді. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысында республикалық жолды байланыстырып тұрған көпір құлады. Бірқатар республикалық трассаларда қозғалыс тоқтатылды”, – деді ҚР Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин.

Бұған дейін Ақтөбеде болған су тасқынынан 579 үй қирап қалғаны хабарланған еді. Сондай-ақ, Ақмола облысында тасқын судың балалар мінген автобусты ағызып әкеткені де жарияланған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз