Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Шыдамай кеттім…”. Гүлжан Ерғалиеваны көлігіне отырғызған қазақ таксист жауап берді (фото)

243

“Гүлжан Ерғалиева деген журналистің қазақтарды қалай кемсіткенін естіген шығарсыздар (төменде суретте).

Әй, қанымның басыма шапқаны-ай. Қалшылдап кеттім. 

https://kaz.365info.kz/ondajlardy-namyssyz-dejdi-zhyrsin-erman-efirde-khatty-ketti-video-315529

Бертінге дейін билікке қарсы сөйлеп келген адам ретінде сыйлап келгем. Сөйтсем қазаққа он қайнаса да сорпасы қосылмайтын адам екен. Әблязов сияқты…

Әй, Гүлжан қазақ осындай күйге ненің нәтижесінде түсті деп ойлайсың? Әкеңіз алып адам еді. Хамит Ерғалиев. Қазақ руханияты үшін көзі тірісінде көп күрескен еді. Сізге соның бір жұрнағы да жұқпаған ба? Әкеңізден алған тәрбие қайда?

 Әй, қайдам. Көзіңізді ашқалы орысша оқып, орысша ойлап, орыстың арасында өскен адамсыз ғой.

Қазақтың қазіргідей кей3пке қалай, ненің кесірінен түскенін білмейсіз де, ойланбайсыз да.

Әй, Гүлжан сол сіз кемсіткен саудыраған көлігі бар, отбасымен көшіп-қонып пәтер жалдап жүрген, күні бойы Қайрат Нұртасты тыңдайтын, ештеңе білмейтін, ештеңе оқымаған қазақ менмін. Ал менмін ал! 

Сіз өзі қазіргі қазақтың қандай тұрмыс кешіп жатқанын білесіз бе? Алматының бай аудандарынан алысырақ шығыңыз. Сонда көресіз.

https://kaz.365info.kz/zhymysta-khatty-yyalamyn-khalaj-tez-oryssha-yjrenuge-bolady-315353

Қазақ неге үйсіз? Қазақ жетіскеннен “таксовать” етіп, күзетшілік қылып, болмаса базарда тәшкі сүйретіп жүр деп ойлайсыз ба?

Ойланбайсыз. Қазақ пен орыстың ар жақ бер жағындағы, орыстың психологиясы басым түсіп жатқан мына мен күнде көретін көп шалақазақтың бірісіз.

Тәуелсіздік алғалы билік қазақтың жағдайын ойлады ма? Жоқ. Өз бетінше күнелткен жұрттың ескі көлігімен қалаға келіп таксист болудан басқа амалы қалды ма? Жоқ. 

https://kaz.365info.kz/putin-ojnamaj-khalady-dosym-satpaev-khytajdyn-khypiya-zhosparyn-zhajyp-saldy-314775


Сіз бұл туралы неге айтпайсыз? Әй, оңбайсыздар. Оңбайсыздар. Сіздер сияқты шалақазақтар шығар қазақтың түбіне жететін…

Әй, тәуелсіздік алғанымызда 25 жылдан асты. Түзелсеңізші, Гүлжан. Жарайды, сіздің бетіңіз бері қарамайды енді. Тым болмаса немерелеріңді қазақ мектебіне берші. Ертең олармен де дәл сіз сияқты алысып өтпейік...”, – деген екен желі қолданушысы. 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз