Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Шприцті сұға саламыз”. Алматыда астыртын цех әшкере болды (фото)

Биыл 11-тамызда жүргізілген жедел-тергеу жұмыстары кезінде Алматы облысы Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері Алматы облысы Іле ауданында Қазақстан Республикасының азаматын ұстады. Оның «Dizzy» тауарлық маркасымен контрафактілік сусынды Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында сатып келгендігі анықталып отыр.

Бұдан әрі жүргізілген тексеру кезінде Алматы қаласы Шаңырақ ықшам ауданында энергетикалық сусынды қолдан жасайтын астыртын цех анықталды.

Жедел ұйымдастырылған іс-шаралар қорытындысы бойынша 6 қорап энергетикалық сусын, лимон қышқылы, шприц, бөтелке тазалауға арналған құралдар, «Dizzy», «Золотое Кольцо» сусындарының бос ыдыстары және қораптарды орауға арналған полителен рулондары анықталып тәркіленді.

Қазіргі таңда, ҚР Қылмыстық кодексінің 198-бабы, 2-ші бөлігі, яғни „Авторлық және (немесе) сабақтас құқытарды бұзу„ бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз