Шотландиядағы Улва (Isle of Ulva) аралы сатылымға қойылды, оның құны 4,3 млн фунтқа ($5,9 млн) бағалануда.
Бұл туралы The Telegraph хабарлады, дейді ҚазАқпарат.
Аралдың ұзындығы 12 шақырым, ал ені 4 шақырымға жуық. Жалпы аумағы 1,8 мың гектарды құрайды. Онда тұрғын үйден бөлек шіркеу мен мейрамхана бар.