Алматыдағы Шығыс айналма автожолында 4 жасар баланы көлік қағып кетті. Отбасы куәгерлерді іздестіріп жатыр.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. Баланың әкесінің айтуынша, бүгін, 16 маусымда сағат 11.00 шамасында үйінен шығып кетіп, Малая станицаға қарай жұмысқа барған. Ер адам артынан баласының ере шыққанын байқамай қалған. Ал жұмысына келгенде Мұрат Асқароғлы әлеуметтік желілерде баласын көлік қағып кеткені жайлы хабарды көрген. Ер адам желідегі видеодан өз баласын таныған.
“Видеоны көрсеткенде балам екенін бірден ұқтым. Есінен танып қалған. Бірден ауруханаға жеттім. Дәрігерлер оның жағдайы тұрақты екенін айтты. Ота жасапты, ұзақ уақыт жасады. Барлығы дұрыс сияқты, алғысым шексіз. Әзірше балама кіргізбейді. Бастысы есін жиғаны”, – деді Мұрат Асқароғлы.