Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Шошқаның еті”. Бауыржан Момышұлының оқиғасы

201

Бағанадан бері қысылып келе жатқан мен байғұс терлей бастадым. Ауласында қол жуғышы бар екен.

– Бауыржан, бері жүр, жуынамыз, – деді. Қолын, бетін жуды, мен де солай жуындым.

– Жүр, – деп үйіне ертіп кірді.

Әйелі үстелге дастарқан жайып, ақ бөлке нан, екі стакан сүт әкеп қойды. Мен ұялып, қайтіп тамақтанам деп отырмын. Ол кезде бір стакан сүт ішу, ақ бөлке нан жеу – қол жетпестей қуаныш. Интернаттың тамағы белгілі, бір стакан сүт түгілі, бір қасық сүтке зармыз.

Әйелі: – Қазір, ыстық тамақ дайын болады, – деп еді,

Федор Тимофеевич: – Керегі жоқ, – деп тастады.

Бұл сөз менің көңіліме келіп қалды. Нанын, сүтін беріп, енді етін бергісі келмеді ғой деп ойлаппын.

Менің түрімнің өзгергенін Федор Тимофеевич байқаса керек:

– Ал, Бауыржан, жаңа сен мені шығарып салып ең, енді сені мен шығарып салайын, – деді.

– Жарайды, жолдас мұғалім. Қорасына қарай өттік.

– Сен өкпелеп қалған жоқсың ба?

– Жоқ, жолдас мұғалім.

– Жоқ, сен өкпеледің. Әйелім «қазір ыстық тамақ болады» дегенде, мен «керегі жоқ» дедім. Рас па?

– Рас, рас, – деппін ғой.

– Сол себепті, Бауыржан, сен өкпелеме маған. Біз биыл бір үлкен шошқаны семіртіп сойып алып едік. Әйелім соның етінен ыстық тамақ әзірлепті. Сен шошқа етін жейсің бе?

– Жоқ.

– Сол себепті ет қат емес, сені аядым. Үйренбеген, ауырып қалар дедім. Сендер шошқа етін жемейсіңдер ғой, – деп Федор Тимофеевич біраз жерге дейін шығарып салып, қоштасты.

Бауыржан МОМЫШҰЛЫ,

«Өнегелі өмір» сериясымен шыққан кітаптар топтамасынан

Дереккөз: Kazakh-tv.kz 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз