Шығыс Қазақстан облысында қайғылы жағдай болды: Марқакөл ауданындағы Қара Ертіс өзенінде 18 жастағы жас жігітті құтқаруға тырысқан екі азамат суға батып кетті.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Боран ауылынан шамамен 5 шақырым жерде жас жігіт ағысқа қарсы тұра алмай, суға кеткен. Оны құтқаруға ұмтылған 33 және 34 жастағы азаматтар да ажал құшты.
Құтқарушылар екі адамның денесін тапты. Үшінші адамды іздеу жұмыстарына 176 маман, 15 жүзу құралы және суасты дроны жұмылдырылды.