ШҚО-да зейнеткерді қорқытып ақшасын алып кеткен. Көп уақыт өтпей, яғни бір күннің ішінде екеуін де құқық қорғау органдары қолға түсірді.
Зырян ауданында тепсе темір үзетін екі жас жігіт 90 жастағы зейнеткерді пышақпен қорқытып, 70 мың теңгесін ұрлап, қашып кеткен.
Ер адамдар ақшаны жұмсап үлгермеген екен. Тәртіп сақшылары тез арада ол қаражатты иесіне қайтарып берген.
Дерек көз: Ктк.