Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

ШҚО- да мал егуге кетіп, оралмаған ветеринардың денесі судан табылды

Оқиға орнынан 30 шақырым жердегі Қыстау Күршім ауылының маңында құтқарушылар бір ветеринардың денесін өзеннен алып шыққан болатын.

Бірнеше күнгі іздеу жұмыстарынан кейін 51 жастағы екінші ветеринардың да денесі судан табылды.

«Осыдан үш күн бұрын судың бетінен ветеринарлар мінген көліктің дөңгегелін байқадық. Көлікті судан шығарғанымызда ішінде адам жоқ болып шықты. Міне, енді марқұмның денесін Қойтас ауылының тұсынан таптық. Бұл маң мен оқиға орнының арасы 58 шақырым» – дейді Шығыс өңірлік аэроұтқыр құтқару жасағына қарасты 9-бөлімшенің басшысы Талғат Нұржанов.

Марқұмның денесі туыстарына берілді. Оқиғаның айғақтық заттарын ішкі істер қызметкерлері бақылауына алды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз