Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

ШҚО-да болған дауылдан тыл ардагерінің үстіне шатыр құлап кетті

Қалалық аурухананың өкілдері науқастың жансақтау бөлімінде жатқанын растады. Алдын ала мәлімет бойынша, шатырдың қирандылары оның ішкі органдарына тиіп, қан жоғалтқан. Дәрігерлер науқастың жағдайына қандай да бір болжам жасаудан бас тартып отыр. Сонымен қатар, ШҚО ТЖД өкілдері тұрғындардың дауыл туралы ескерту болмады деп айыптағанына байланысты пікір білдірді.

“Алдын ала, жексенбіде, түстен кейінгі уақытта “Қазгидромет” мәліметінің негізінде құтқарушылар ұялы қосымша мен ведомствоның ресми сайты арқылы 17 шілдедегі ауа райы жайлы халыққа ескерту жасалды, ескертуде желдің секундына 20 метр жылдамдықпен соғуы мүмкін екенін хабарлады. Бұл мәлімет ауа райына сәйкес болды ма, жоқ па – бұл мәселені ТЖ-ға емес, синоптиктерге қою керек”

– деді ТЖД өкілдері.

Еске салайық, кеше Шығыс Қазақстан облысында дауыл тұрған еді. Өскеменде жұлынып кеткен шатыр көліктердің үстіне түскен, желден жарнама құрастырмалары қирап, аялдамалар мен ағаштарды құлатқан. Дауыл 10-15 минуттай уақыт болған. Әлеуметтік желілердегі хабарламаларға қарағанда, өңірдің барлық жерінде де тұрғындар желдің болғанын айтып отыр. Қолданушылар құлаған ағаштар, қираған аялдамалар және бүлінген көліктерді суретке және видеоға түсіріп, редакцияға жолдады. Кейін дауылдан бес адамның зардап шеккені белгілі болды.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз