Оқиға Алтай қаласындағы Курчатов көшесінің маңындағы батпақты аумақта орын алған. 9 жасар бала жұқа мұздың үстімен жүргенде, мұз жарылып суға түсіп кеткен.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері баланы судан алып шығып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды. Дәрігерлер оның денесі қатты тоңазығанын анықтап, ауруханаға жеткізді. Қазір баланың жағдайы қалыпты.