Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Шіркін, тоқал…”. Досымжан Таңатаров аңдамай ішіндегісін айтып қойды

Қазақ әншісі күйеуінің тоқал алуына қарсы болатын әйелдерге ақыл айтты

Оның айтуынша, “күйеуіме тоқал алып беремін” деп жар салған Роза Әлқожаның әрекетін екінің бірі қайталай алмайды. Оған себеп – әйелдердің қызғанышы.

“Роза тіптен ақылы кең, көпті көрген әйелдер айта алмаған сөзді айтты. “Мен жолдасыма тоқал алып беремін”, – деген жария сөзіді айтты. Оны одан да зор әйелдер айта алмаған. Әпере ме, әпермей ме – мәселе онда емес. Мәселе ер-азаматының оған деген құрметінің бір қайтарымы ретінде айтты, өзін соншалықты әлпештегенінің, оның әл-қуатының мықты екенінің белгісі”, – деді ол.

Сонымен бірге әнші тоқал алу – кез келген жігіттің арманы екенін де айтып қалды.

https://kaz.365info.kz/tokhalmen-zhatu-densaulykhkha-pajdaly-vatsapta-hit-bolgan-maskhara-audio-302521

“Барлық жігіттің арманы. Міндетті түрде оны орындау, орындамау деген мәселе емес. Шатастырмауымыз керек. Абзалы – бір әйел ғой. Қолыңнан келсе, шамаң келсе деген мағынада ғой.

Бұл жерде шамаң дегенде де дүние немесе мінезің ғана емес, жалпылама ер-азаматтың бойындағы дүние. Қолдан келсе, неге істемеске?!

Ол барлық ер азаматтардың ойындағы дүние. Бірақ біреудің қолынан келеді, біреу келмесе де талпынып жатыр, шатасып жатыр, қателесіп жатыр дегендей.

Әйелдерге соншалықты таңғалатыным: сол сөзді айтуға оның батылы жете алмай қалады. Батылдық емес, қызғанышы жібермейді. Сол сөзді айтса да, бүгін алып келейін деген әңгіме жоқ.

Ер-азаматтар мақтағанды жақсы көреді ғой. Солай құрмет жасап жатса, олар марқайып қалады ғой”, – деген сенімде Таңатаров.

https://kaz.365info.kz/ajzhan-bajzakhova-bireuge-tokhal-bolgansha-betsiz-khanshykh-bolganym-artykh-295780

Әншінің пікірінше, тоқал алу туралы екінің бірі ойланғанымен, ойын іске асыру тек таңдаулыларының ғана қолынан келеді.

“Оны бәрі айтады. Кімді танисың, мен еркекпін деп жүрген жігіттердің барлығының аузындағы сөз. Екінің бірі айтады. Бірақ іске асырып жүргендер өте аз. Олар шаммен іздеп жүріп табатын азаматтар. Оларға қосыла алмай жатырмыз ғой. Міне, сондай азаматтарға құрмет көрсетіп, соларды насихаттау керек”, – деп сөзін түйіндеді ол.

 

https://kaz.365info.kz/zarina-dejtin-zhap-zhas-ajel-kyjeuine-tokhal-izdep-zhyr-foto-273481

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз