Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
2
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
6.04
0.00

Шетелдік әлеуметтік желілерді бұғаттау нормаларын түсіндіру олардың иелерін тығырыққа тіреді – Сабиров

Шавкат Сабиров
15 қыркүйекте Мәжіліс шетелдік мессенджерлер мен әлеуметтік желілерді тіркеу және реттеу туралы нормаларды бірінші оқылымда мақұлдады.
Жаңашылдықтардың бастамашылары депутаттар Айдос Сырым мен Динара Закиева болды. Заң шығарушылардың басты дәлелі – балаларды әлеуметтік желілердегі қажетіз ақпараттардан қорғау. Сонымен қатар, егер жарлықтар орындалмаса, шектеулер барлық пайдаланушыларға қатысты болатынын орындалуы міндетті бірқатар ережелер көрсетеді.
Қазақстан Интернет ассоциациясының президенті Шавкат Сабиров түзетулердің жекелеген нормаларын әлеуметтік желілердің иелері орындай алмайтынын және олардың ішкі саясатына қайшы келетінін айтады.

Кибербуллингтен қорғау

— Шын мәнінде Қазақстанда шетелдік онлайн-платформаларды тіркеу ниеті бүгінгі күннің жаңалығы емес, – дейді сарапшы. — Мен бұл мәселе бойынша пікірталастарға соңғы екі жыл бойы қатысып келемін, мұндай ұсыныс қоғамдық тыңдаулар мен талқылаулар деңгейінде пайда болғаннан бері.

– Бірақ бұл реформаға президент 2020 жылы өзінің халыққа Жолдауында жол ашқан сияқты?

– Иә, ол әлеуметтік желілер, мессенджерлер, блогерлер және кибербуллинг түрінде интернеттен келетін қауіп-қатерлер төңірегіндегі заң шығару алаңын ретке келтіру қажеттігі туралы айтқан. Алдымен бұл норманы бір заң жобасына, содан кейін екіншісіне, содан кейін үшіншісіне енгізді.

2021 жылдың басында нормалар “Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы” заңға енгізілді. Бұл балаларға тек кибербуллинг тарапынан қатысты болды.

Бірақ “қорғау” ұғымы тұрғысынан ақылға қонымды сұрақ туындайды – сонда тек балаларды ғана кибербуллингтен қорғау керек пе?

Бұл нормалар “Ақпараттандыру туралы” заңға енгізілгені қисынды еді, өйткені кез-келген заң барлық нормалар мен ұғымдарды заң тақырыбына қатаң байланыстырылуын қарастырады. БАҚ-ты банк қызметі туралы заңмен реттеу мүмкін емес қой, солай емес пе? Онлайн платформалар жағдайында да солай.

Барлығын реттеуге деген құштарлық

– Жалпы, Қазақстандағы барлық шетелдік мессенджерлер мен әлеуметтік желілерді реттеу кімнің идеясы?

– Кімдікі екенін айту қиын. Ол осындай айдың және осындай жылдың осындай күнінде пайда болған жоқ. Мемлекеттік органдар баяғыдан шетелдік онлайн-кеңістікті заңмен қадағалау алаңына енгізгісі келеді.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі блогерлер мен мессенджерлерді әлі реттемей алмауда. Тіпті “азаматтық журналистика” деген атау пайда болды. Менің ойымша, бұл әрдайым үлкен күмән тудырады, өйткені бұл жағдайда “азаматтық” сөзін барлық мамандықтарға – мұғалімдерге, дәрігерлерге, құрылысшыларға және т.б. қолдану керек. Егер блогосфера тіпті мамандық болмаса және оны реттейтіндей кәсіби ортасы болмаса, кәсіби медиа ортаны танымал интернет пайдаланушыларымен қалай салыстыруға болады?

Бүкіл әлем қоғамдық пікір көшбасшыларын тек алынған қаржы құралдарына салық төлеу және “жарнама құқығында жарияланатынын” көрсетуді міндетті талап ету тұрғысынан ғана реттейді

Мен тіпті біздің блогерлер өз посттарын “жарнама негізінде” жаза бастағанына күмәнданамын. Мен Қазақстанда бір ғана адамды білемін, ол бұл туралы ашық жазады және пайдаланушыға ауыр тиетін болса, оқымауды сұрайды.

Мессенджерлерге, онлайн-платформаларға нақты анықтамалар беру тұрғысынан заң шығарушылар Президенттің осы мағынада заңнамалық базаның қажеттілігі туралы Жолдауына сілтеме жасай отырып, тығыз жұмыс жасады. Бірақ президент заңдарда тез арада бір нәрсе жазылуы керек дегенді айтпады. Осылайша мағынасын қазбалай беруге болады.

Жалпы, онлайн-платформа – бұл Бүкіләлемдік желінің барлық сайттары. Заң шығарушылар бұл анықтамадан электрондық сауда мен коммерцияға қатысушыларды алып тастау арқылы ерекшелік жасады. Қандай себептермен екені түсініксіз.

Әріптер көп, бірақ мағынасы түсініксіз

– Қазақстанда барлық шетелдік әлеуметтік желілерді міндетті тіркеуден басқа, заңда нені жазғысы келеді?

— Жазғысы келеді емес, жазылып қойды. Мысалы,

Қазақстандағы осы интернет-платформалар өкілдігінің басшысы шетелдік немесе Қазақстан азаматтығы жоқ тұлға бола алмайды

Онлайн-платформалар құқыққа қайшы контентті жою жөніндегі уәкілетті органның шешімдерін 24 сағат ішінде орындауы тиіс. Және уәкілетті органның қолжетімділікті 6 айға және оның шешімдерін орындамағаны үшін одан да көп мерзімге шектеуге құқығы бар.

– Егер қарапайым тілмен айтсақ, бұл Қазақстан мұхиттың тамшысындай болатын қазақстандық сегменті үшін Facebook-ке өз шарттарын қоя бастайтынын білдіреді. Бұл орынсыз заңнамалық нормаларды орындаудан гөрі, Қазақстаннан кете салған оңай емес пе?

— Біз іс жүзінде барлық ірі онлайн-платформалармен байланыстамыз, осы сервистердің уәкілетті тұлғаларымен келіссөздер жүргіземіз және оны жалғастыра береміз. Олар ең алдымен олардан не қалайтынын және жоспарланған өзгерістердің мәні неде екенін түсіндіруді сұрайды. Өйткені

тіпті Қазақстанда он жылдан астам уақыт өкілдігі бар Microsoft корпорациясы да осы анықтамалар мен нормаларға қатысты қатты алаңдаушылығын білдіруде

Яғни, жаңашылдықтың салдары қандай болатынын ешкім түсінбейді.

Егер заң шығарушылардың жазғанының бәрін түсінсек те, бұл нормаларды қабылдағаннан кейін мүдделер қақтығысы орын алады. Себебі әрбір шетелдік интернет-платформаның өзіндік ішкі саясаты бар, онда өкілдіктің басшысы тек интернет-кеңістіктің өзі таңдаған адам бола алады. Егер заңда шетелдік азамат өкілдіктің басшысы бола алмайды деп жазылса, енді ол Қазақстанда қалай жұмыс істейді? Неліктен Beeline немесе Kcell-де жетекші шетелдік бола алады, ал Google-де жоқ? Айырмашылығы қандай?!

Толықтай бақылау

— Ал бұл науқанның мақсаты қандай? Бақылау керек, өйткені тіркеусіз болмайды ма әлде басқа ма?

– Иә. Және бүгінде әлемнің барлық елдері осындай мақсат көздеп отыр.

Әсіресе Америкадағы Сайлау кез-келген әлеуметтік желі тіпті АҚШ-тың қазіргі Президентін бұғаттай де алатындығын көрсетті

Қазақстанға барлық әлеуметтік желілерге қолжетімдікті баяғыда шектеген және қалыпты өмір сүріп жатқан бір көршімізді мысалға келтіруге болады. Тағы бір үлкен көршіміз Twitter-ді шектеді, ал LinkedIn-ді тіпті бұғаттап тастады. Сондай-ақ, Ресей билігі YouTube ресейлік пайдаланушылардың құқықтарын шектеуге тырысқан кезде дереу шаралар қолданады. Бірақ ресейліктер, кем дегенде, осылайша өз аккаунттары мен пайдаланушыларын қорғайды.

Ал Қазақстан билігінің жоспарында не бар екені әзірге түсініксіз. Бұл жұмысты кім, қалай және қандай форматта жасайды? Шешім қабылдайтын адамдардың құзыреттілік деңгейі қандай? Жауаптан гөрі сұрақтар көп. Жақын арада бәрімізге түсінікті болады деп үміттенемін.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз