Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Шетелді бұл жолы Шығыс Қазақстандағы ауыл таң қалдырды (видео)

 

Негізінен, шетелдік басылым қорқынышты етіп көрсеткісі келген „ақ апокалипсис„ Қазақстанның, әсіресе шығысы мен солтүстігі үшін үйреншікті жайт. Жылда болмаса да арасында осылайынан қалың түсетін қарға жергілікті жұрт бейімделіп алғалы қашан? Мәселен, шығыста шатыры жоқ жайпақ үйлерді жиі кездестіруге болады. Есігі сыртқа емес, ішке қарай ашылатындай жасалған, сол секілді кейбір жайпақ үйлердің төбесіне терезе орнатылған. Себебі сыртты аяқ-асты қар бөгіп қалса, есік ашылатындай болуы керек, сол секілді үйге күн түсу үшін терезені төбеге қалдырады.

Қазгидромет хабарлағандай, қар жамылғысының биіктігі өткен аптада бір тәуліктің ішінде 30 см жеткен. Облыста ақпан айында боран болып, үйлердің шатырына дейін қар басып қалған. Жоғарыдан тек түтін будақтаған мұржалар ғана көрінеді. Ауыл тұрғындары көшеге шығу үшін үйден тоннельдер жасауға мәжбүр болған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз