Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Шетелде тұратын және елге оралған қазақ жастары арасында сурет бәйгесі жарияланды

Шараның мақсаты – шетелдегі дарынды қазақ жастарының бейнелеу өнері түрлерін меңгерудегі шығармашылық шеберлігіне баса назар аудару. Олардың отансүйгіштік, рухани, ұлттық нақышта бейнеленген, сомдалған тың тақырыптағы шығармаларын насихаттау.

Шараға бейнелеу өнері түрлері саласында шығармашылық шынайы туындыларын шыңдап жүрген шетелдегі қандас жастарымыз бен оралман қазақ жастары қатыса алады.

Көрмеге қатысу шарттары:

1. Суретшінің жас шамасы 18-35 жас аралығында болуы тиіс;

2. Автордың өмірбаяны, толық мекен-жайы және оқу орны, жұмысы, телефоны көрсетілуі керек;

3. Кескіндеме шығарма көлемі 100×150 см-ден кем болмауы немесе аспауы тиіс (материалдары: майлы бояу, гуашь, акварель, кенеп, картон, ақ қағаз);

4. Графикалық шығарма көлемі 40×90 см (материалдары: офорт, линогравюра, гравюра, литография т.б.) көркемдік деңгейі талапқа сай, тақырыпқа мейлінше лайық болуы тиіс.

Әрбір автордың көркем шығармасы талапқа сай безендіріліп (багет), саны 5-7-ден аспауы керек.

Суретшілер өздерінің толық аты-жөні, өмірбаяны, байланыс телефондары, тұрғылықты мекен-жайын көрсетіп, хат жазуы керек. Ұйымдастырушылар авторларға өздері көрсеткен байланыс телефондары арқылы хабарласады.

Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз