Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

«Шешең» деп жүретін шымкенттіктерді қамау керек – журналист

Фото: Otyrar.kz

Қырғыз Парламенті «Қырғыз Республикасының Әкімшілік жауапкершілік туралы Кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Заң жобасын екі рет талқылаудан өткізді, үшінші оқуда дауыс беруге әзірлеуде.

Қабылдануға шақ қалған жаңа Кодексте бұрынғысына бірқатар өзгерістерді енгізумен қатар заң бұзушыларға берілетін жаза қатайтылып, төленетін айыппұл мөлшері көтерілген.

Мысалы, бұрын ұсақ тәртіп бұзушылықтар, арнайы белгіленбеген жерлерде ішімдік ішу, көшеде мас болып жүру бойынша айыппұл 100 сомнан 300 сомға дейін, құқық бұзған балалары үшін ата-аналары 100 сомнан 200 сомға дейін, кәмелетке жетпеген балаларды әдепсіз іске тартқандарға 1000 сомнан 2000 сомға дейін болса, енді айыппұлдар  он есеге көтерілетін болады, сондай-ақ тәртіп бұзушы сегіз сағатқа қамалады немесе бірнеше күнге қара жұмысқа жегіледі.

«Ұсақ тәртіпсіздік» бабында қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, біреулерді анайы сөздермен балағаттау да бар. Жалпы, Кодекске өзгерістер енгізуге негізінен қоғамдық орындарда, көшеде, көліктерде жастардың әдепсіз сөйлеуі етек алып бара жат­қаны себеп болуда.

Осы орайда өзім Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы болғандықтан бұл өзі қай жерде болса да керек заң екен деген ойға қалдым. Ғаламтордан Қазақстанның заңнамаларына көз жүгіртсем, бұл сияқты заңнама – «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 2014-жылдың 5-шілдесінде қабылданыпты. Осы Кодекстің «Ұсақ бұзақылық» деп аталған 434-бабының 1-бөлігінде «Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу және басқа да осындай әрекеттер он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады» деп жазылыпты. Он айлық есептік көрсеткіш 2016-жылдың 1 қаңтарынан бастап 21 мың 210 теңге деген сөз. Егер бұзақылық қайталанса, жаза не айыппұл ұлғая түседі екен.

Меніңше, Шымкентте және облыста «шешең…» деп жүргендерді шетінен қамап, тәртіпке салатын мезгіл жеткен сияқты.

Сіз қалай ойлайсыз?

Назарбек Байжігітов

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз