Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
422
+0.82
EUR
497
-1.77
RUB
5.53
-0.07

«Шелек фермерлері»: Біздің оңтайлы ынтымақтастық тәжірибемізді еліміздің барлық аймақтарында қолдануға болады

Осыған байланысты Мемлекет басшысы Үкіметке «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, бірнеше өңірлерде ауылдағы кооперациялық тізбекті дамыту бойынша «алқаптан сөреге дейін» пилоттық жобасын іске қосуды тапсырды. Содан кейін осы тәжірибені кеңейтіп, 2021 жылдың ортасына қарай толыққанды бағдарламаны әзірлеу қолға алынады.

Шынында да, жергілікті фермерлердің өнімдерін ірі қазақстандық сауда желілерінде кездестіру қиын, ол елдің қайта өңдеу кәсіпорындарында пайдаланылмайды. Негізгі мәселелер – фермерлердің шашыраңқылығы, оларда сауда желілерімен жұмыс тәжірибесінің болмауы және бір фермерлік шаруашылықтың нарыққа жеткізе алатын өнімінің аз көлемі. Ал ірі желілерге жеткізілімдердің үлкен көлемі мен тұрақтылығы қажет.

Бұл ретте фермерлерді біріктірудің және қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті кооперативтерді құрудың барлық артықшылықтарын көрсеткен жекелеген жобалар бар. Ең жарқын мысалдардың бірі – Алматы облысында құрылған және оңтүстік астанада кеңінен танымал «Шелек фермерлері» ауылшаруашылық кооперативі бизнес пен ҮЕҰ ынтымақтастығының арқасында пайда болды.

Жоба 2014 жылдың желтоқсан айында «Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қоғамдастықтар қоры» ҚҚ және Филип Моррис Қазақстан компаниясының қатысуымен басталды. Кооперативтің қалай құрылғаны, барлық қиындықтарды еңсеріп, сенімді серіктес беделін қалай иеленуге болатыны туралы Филип Моррис Қазақстан компаниясының жақында жарыққа шыққан Тұрақты даму саласындағы қызметі туралы есепте егжей-тегжейлі баяндалды.

Кооперативтің негізгі идеясы фермерлерді қажетті сапалы өнімді шығара отырып, жерде тиімді жұмыс істеуді ғана емес, оларды бухгалтериямен жұмыс істеуге, жолдың жиегіндегі ұсақ саудамен шектелмей, толыққанды бизнестің барлық циклін қалай құруға және жүргізуге болатынын түсінуге қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті, заңдық тұрғыдан сауатты кәсіпкерлер ретінде үйрету болып табылады.

Әрине, фермерлердің ауыл шаруашылығына да жаңа технологиялар енгізілді. Ол үшін басынан бастап, ауданның көкөніс өсіруіне ғылыми көзқарас тұрғысынан тоқталу қарастырылды – Флорида университеті (АҚШ) және экономика, агрономия және ауыл шаруашылығы өнімдерінің маркетингі саласындағы қазақстандық сарапшылармен серіктестік сипатта Алматы облысының аграрлық секторына зерттеу жүргізілді. Өз зерттеулерінде сарапшылар фермерлерге суарудың баламалы және заманауи әдістерін, жылыжайды және басқа да қорғалған топырақтағы технологияларды қолдануды, дақылдардың жаңа түрлерін өсіруді, жеміс пен көкөністі сақтау мен өңдеуді ұсынды, сондай-ақ оларды маркетинг және өткізу стратегиясының негіздеріне үйретті.

– Біз алқаптарға барып, фермердің өмір сүру жағдайының ол еңбекке жалдайтын адамдардың жағдайынан айырмашылығы аз екенін түсіндік.  Күйбең тіршілік, ауыртпалық, бір тілім нан мен қара су. Жұмыс барысында Шелек фермерлері заңдық және консультациялық көмекті қажет ететіндігі анық бола түсті. Осылайша, біз ауыл шаруашылығы бойынша шағын, заң тақырыбындағы семинарларды өткізе бастадық, – деді Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қоғамдастықтар қорының директоры Бақытгүл Елшібаева.

Бұдан әрі жергілікті фермерлерді оларға осының барлығының қажеттілігін сендіру міндеті тұрды – бұл оңай шаруа болмады. Мұны шешу үшін арнайы құрылған Агробизнес-орталықта фермерлерге оқу жүргізіліп қана қоймай, демонстрациялық аумақ құрылды.

Ал жаңа технологиялар бойынша көкөніс дақылдарын тиімді және өтімді өсіру анықталғанда, бағдарламаға көбі сене түсті. Дегенмен, фермерлерге жақсы табыс табуға, ал тұтынушыларға олардың өнімдерін қолжетімді бағамен алуға мүмкіндік бермейтін, жеткізушілер мен делдалдардың ұзын тізбегі, шағын көлемдердің бытыраңқылығы проблемасы қалды. Бұл мәселе кооперативке бірігу есебінен шешілді және ірі қазақстандық ретейлерлермен ынтымақтастықты бастауға мүмкіндік берді. Фермерлердің алғашқы жеткізілімдері 2015 жылы Алматыда «Арзан» супермаркеттер желісінен басталды. Ал 2017 жылы «Шелек фермерлері» кооперативін құрылып, қазақстандық «Арзан» және «Метро» сауда желілеріне, сондай-ақ «ЦинКаз» ЖШС қайта өңдеу цехына және «New kitchen» дистрибьюторлық компаниясына жаңа піскен көкөністерді жеткізу жолға қойылды.

«Шелек фермерлері» кооперативінің бес жылдық қызметінің қорытындысы таңқаларлық – осы уақыт ішінде кооператив 89 млн.теңгеден астам сомаға 768 992 тонна ауыл шаруашылығы өнімін сата алды, өз шаруашылықтарының табыстылығын 30%-ға арттырды, көкөністерді өсіру алаңын 3 есеге жуық ұлғайтып, Алматы қаласының супермаркеттеріне көкөністерді тікелей жөнелту механикасын сәтті жолға қойды. Сонымен қатар, жобаның арқасында ауылдық жерлерде қосымша жұмыс орындары пайда болды, мысалы, маусым ішінде бағдарламаға қатысушылардың алаңдарында 150-ге жуық адам жұмыс істейді, бұл жергілікті халықтың жұмыспен қамтылу деңгейіне оң әсер етеді.

Бүгінде кооператив фермерлері заманауи аграрлық әдістерді қолдана органикалық егіншілік тәжірибесін енгізіп, жылдың суық мезгілінде жылыжайларды жылытуға арналған күн батареяларын сынақтан өткізу арқылы «жасыл экономикаға» үлес қосуда.

Бұл ретте кооперативтің қатысушылары қол жеткізген жетістіктерімен тоқтамайды, ал олардың саны бес жыл ішінде төрт есеге артты, бүгін кооперативке 22 фермерлік шаруашылық кіреді. Мысалы, 2019 жылы жоба органикалық егіншілікті қолдануды кеңейтті. Агробизнес-орталығының жылыжайларында органикалық тыңайтқыштарды қолдану арқылы өсірілген ащы бұрыштың перспективті сорттары отырғызылған. Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлерімен бірлесіп, фермерлер аурулар мен зиянкестермен күресуде биологиялық әдістерді (энтомофагтар) және препараттарды пайдалана бастады.

«Жасыл экономиканы» дамытуға қосқан бұл үлес кооператив фермерлерінің ғана емес, сондай-ақ экология саласындағы өз қызметін дамытуды өзінің басты міндеттерінің бірі санайтын Филип Моррис Қазақстан компаниясының да жетістігі болды. Компания өз өндірісі қалдықтарының 90%-ға жуығын қайта өңдеуге жөнелтеді, сондай-ақ басқа да бастамаларды іске асырады. Компанияның осы бағыттағы күш-жігері «Экологияға қосқан үлесі үшін» аталымында «Парыз» мемлекеттік сыйлығымен атап өтілді.

Бір сөзбен айтқанда, «Шелек фермерлері» жобасы ірі сауда желілерімен қарым-қатынаста бірыңғай бәсекеге қабілетті заңды тұлға ретінде әрекет етуге мүмкіндік беретін дара фермерлерді өмірге қабілетті кооперативке біріктірудің бірегей тәжірибесін жинақтады. Сондай-ақ, Президент өз тапсырмасында айтқан қатысушыларды оқыту мен олардың агро-біліктілігін арттыру тетігі де пысықталды. «Шелек фермерлері» жобасының атқарымдары бүкіл Қазақстан үшін ауылда «алқаптан сөреге дейінгі» кооперациялық тізбекті дамыту жөніндегі толыққанды бағдарламаның негізіне жатқызылуы мүмкін, сондай-ақ жатқызылуы қажет. Оның үстіне, кооперативтің құрушылары мен бастамашылары басынан бастап өздерінің тәжірибесімен бөлісуге дайын екендіктерін мәлімдеді. Бұл  «Шелек фермерлері» бәсекелестіктен еш сескенбейтінін көрсетеді, өйткені, біздің аграрлық секторды алға жылжыту нарықтың барлық қатысушылары үшін тиімді және перспективалы екенін түсінеді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз