Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Шекараны заңсыз кесіп өткені үшін істі болған Сайрагүл Сауытбай елге сәлем жолдады

193

Сайрагүл Сауытбай екі баласын жанына алып, алдымен қазақ халқымен сәлемдесті.

«Армысыздар, данышпан, дара халқым. Белгісіз себептермен бір жағынан қыл үстінде тұрған тағдырым, енді бір жағынан денсаулығыма байланысты күткен үміттеріңізді ақтай алмай келемін.

Алла қаласа босқын мәртебесін ала алсам, қалған ғұмырымды ұлтым үшін еңбек етуге арнаймын», – деп Сайрагүл өзі шығарған өлең жолдарын оқыды.

Еске сала кетейік, Сайрагүл Сауытбай мамыр айының ортасында Қорғас кеден бекетін заңсыз бұзып өтті деген айыппен тұтқындалған болатын.

Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабы 1-бөлігі бойынша қасақана қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып,6 айға бас бостандығынан шартты жаза кесуге шешім шығарылды.

4-қазан күні Қазақстан билігі Сайрагүл Сауытбайға «Босқын» мәртебесін беруден бас тартты. Бұл ресми ақпарат.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз