Бұдан бұрын елге көшіп келе жатып, Зайсандағы «Майқапшағай» шекара бекетінен өтер тұста бар ақшасынан айырылған Мәуітхан Гүлжанның басындағы ауыр жағдай туралы жазғанбыз.
Бүгін Зайсан аудандық сотында «Майқапшағай» кедендік бекетінде 50 мың долларынан айырылып қалған қандасымыз, Гүлжан Мәуітханның ісі қайта қаралды. Сот шешім шығарып соған сай Гүлжан Мәуітханның бар ақшасы кері қайтарылатын болды.
“Ұлы қазақ Елі, Сүйінші, бұйырса жеңдік! Зайсан сотына, Майқапшағай кеден бекетіне рахмет! Ананың ақшасы қайтатын болды”
– деп жазды Дәлейұлы.
Еске сала кетсек, Қазақстанға көшіп келе жатқанда жиған-терген ақшасынан айырылып қалған отандасымыдың қиын жағдайын барлық қазақтілді БАҚ жарыса жазған болатын. Кейін бұған елге белгілі азаматтар араласты. Олардың арасында – заңгер Абзал Құспан, қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан бар.