Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Шекарада тікенек сымды бұзып өткен адамды ұстады

278

Маңдайшамда жыпылықтаған аумаққа қарай шұғыл аттанған дабыл тобы тікенек сымды қоршауды бұзып өткен бір адамның ізін анықтап, оған ізшіл итті салды. Бұл уақытта отрядтың жеке құрамы мен көршілес заставалар да дабыл белгісімен көтеріліп, жолға шыққан.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінің айтуынша, сағат түнгі 01:42-де оң қапталдағы «Басқұншы» шекара заставасы бастығының орынбасары бастаған төрт шекарашы сарбаз «Ром» атты қызметтік иттің көмегімен ішке қарай 5200 метрге кіріп үлгерген «шақырылмаған қонақты» ұстады.

Ұсталған адам қытай тілінде ғана сөйлейді. Жолқапшығынан 1990 жылы туған ҚХР азаматының төлқұжаты, 3 дана газды оттық, азық-түлік қоры табылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз