Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
5
USD
430
+1.16
EUR
503
+2.73
RUB
5.42
-0.02

Шавкат-әкә таққа отырды. Енді қазақ-өзбек қалай болар екен?

b-kir

Әбдіжәлел Бәкір

Саясаттанушы Әбдіжәлел Бәкірдің айтуынша, түркі халықтарының бірлігі мен тұтастығын өз халқымыздың мүддесінен жоғары қоюуымыз керек. Егер президент түркі халықтарының мүддесін жоғары қоятын болса, нұр үстіне нұр болар еді.

– Күні кешеге дейін қазақ пен өзбектің арасында әртүрлі түсінбестік болды. Өзбек тарапынан жасалған әрекеттердің кейбірі дұрыс та, бұрыс та болған шығар. Алайда,

біз майда-шүйде нәрсеге мән бере бермей, мәселеге түркі халықтардың бірлігі тұрғысынан қарауымыз керек.

Билікке жаңадан келген адам өзінің қарым-қабілетін, ақыл-парасатын, кемшілік-артықшылығын ашып көрсетеді. Сондықтан да Мирзиёев ең әуелі өзінің халқы мен әлемдегі түркі халықтарының мүддесін жоғары қойса екен. Өйткені, мұндай ұстанымдағы басшының шарапаты өзбек пен қазақты былай қойғанда, күллі түркі халықтарына тиеді. Қазақ пен өзбектің мәдениеті мен әдебиеті, тұрмысы мен экономикасы бір біріне ұқсас халық болып келеді. Сол себепті, ондағы оң өзгерістер бізге жақсы әсер етеді деп есептеймін, – дейді Әбдіжәлел Бәкір.

Жуырда Өзбекстанға Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған барды. Кездесу аясында Ердоған Шавкат Мирзиёевті ресми сапармен Түркияға келуге шақырды. Бұған дейін Түркия-Өзбекстан қарым-қатынасы мүлде үзілгенін ескеретін болсақ, бұл елең еткізетін жаңалық. Демек, алдағы уақытта түрік мемлекеттердің байланысы нығая түсуі мүмкін.

Мирзиёев Өзбекстанға демократиялық леп әкеледі

Шавкат Мирзиёев кәсіпкерлерге жеңілдік жасай бастады. Бұған дейін кәсіпкерлерге қысым жасап келген мемлекет, бұдан былай еркіндікке жол ашатын тәрізді.

ba57bfc90aefbf60036705ff7d9f8075

Жангелді Шымшықов. Abai.kz

Белгілі экономист Жангелді Шымшықов Шавкат Мирзиёевтің шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсетуін жоғары бағалап отыр. Экономистің айтуынша, Ислам Кәрімовке қарағанда, Шавкат Мирзиёевтің көптеген артықшылығы мен ерекшеліктері бар.

– Мен

Шавкат Мирзиёевті коммунизм идеясынан сәл де болса алшақ, яғни, жаңа ұрпақ деп есептеймін. Сондықтан да, ол Өзбекстанға демократиялық леп әкелуі әбден мүмкін.

Алайда, соған қарамастан, оның тізгінді бос жібере салатын ойы жоқ. Әрине, экономикада үлкен өзгеріс жасайтыны түсінікті.

Шавкат Мирзиёев Исләм Кәрімовке қарағанда, Қазақстан және өзге де мемлекеттермен тығыз қарым-қатынас орнатуға мүдделі. Айталық, ол үкімет басқарған кезде сыртқы саясатты жүргізген болатын. Қазір шағын және орта кәсіпкерлікті көтеріп, оған жеңілдік жасап отыр. Осыдан-ақ оның экономикалық саясатта сауатты іс-қадам жасайтыны көрініп отыр.

Естеріңізде болса, Ислам Кәрімов «Біз ешқандай одаққа кірмейміз. Өйткені, оның артында саясат жатыр», деп қашқақтады. Ал Шавкат Мирзиёев халықаралық қарым-қатынаста тығыз әріптестік орнатудан қашып отырған жоқ. Соған қарағанда, Өзбекстанның көрші мемлекеттерімен ынтымақтастығы арта түседі деп есептеймін, – дейді Жангелді Шымшықов.

Бір анығы,

Шавкат Мирзиёев Ислам Кәрімов салып кеткен ескі сүрлеуден бас тартып, өз қолтаңбасын қалдыруға әрекет етеді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз