Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 4-5 сәуірде Ресейде болады. Ресми сапар аясында ол Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі, деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметі.
Бұл – Мирзиёевтің президент қызметіне кіріскелі Ресейге алғашқы ресми сапары. Мирзиёев президент міндетіне өткен жылы қыркүйек айында Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов қайтыс болған соң кірісті. Былтыр желтоқсанда Мирзиёев кезектен тыс президенттік сайлауда жеңіске жетті.
Ресейлік ақпарат агенттіктерінің 3 сәуірде хабарлауынша, Шавкат Мирзиёев Ресеймен әскери-техникалық әріптестік туралы келісімді мақұлдайтын заңға қол қойды.
Мирзиёев президент ретіндегі алғашқы сапарын наурыз айының басында Түркіменстанға жасады. 22-23 наурызда Мирзиёев Қазақстанда болды.