Әссәләмуғалейкум! Бөлелердің некесі қиыла ма? Соны сұрайын деп едім. Екі бөлелер үйленгелі жатыр. Екі әпкелі-сіңлілердің балалары. Солардың некелерін қидырса бола ма? Шариғат осындай жағдайға қалай қарайды?
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Әпкелі-сіңлілі адамдардың балаларын – бөле дейді. Шариғат бойынша, бөлелік – неке кедергілеріне жатпайды. Сол себепті, некелесулеріне рұқсат. Бірақ, міндетті емес. Сондықтан да, мұндай мәселеде жергілікті салт-дәстүр мен менталитетті назарға ала отырып шешім қабылдаған абзал.