Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Әйелің «көтермесе» тоқал алу керек пе? Діни басқарма шығарған пәтуа нені меңзейді?

265

Мұндай жолмен бала табуға шариғатта рұқсат жоқ. Себебі:

Ер кісі мен құрсақ ананың арасында неке жоқ.

Шариғатымызда «некемен туылған бала» деген мәртебеге ие болу үшін оның ата-анасы болып табылатын ер мен әйелдің арасында шариғи тұрғыдан некенің рүкіндері мен шарттары толық орындалуы тиіс. Алла Тағала Құран Кәрімде «Нахыл» сүресінің 72-аятында:

«Алла Тағала өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратты. Жұбайларыңнан сендерге балалар, немерелер нәсіп етті. Сондай-ақ сендерді тап-таза нәрселерден ризықтандырды. Осылай бола тұра олар жалғанға сеніп, Алланың нығметіне шүкірсіздік ете ме?» – деп баяндайды.

Әйел жатыры сауда-саттыққа, алыс-беріске жарамды мүбах заттардың санатына жатпайды.

Шариғатта кейбір заттар, мәселен, тағам түрлері, сусындар, киім, көлік, баспана, кітап, бау-бақшалар, т.б. сауда-саттыққа, алыс-беріске жарамды саналады. Осы заттарды сатуға, жалға беруге, садақа етуге, сыйға тартуға болады. Ал кейбір дүниелер сауда-саттыққа, алыс-беріске рұқсат етілмейді. Мәселен, әйелдің жыныстық қалауын тек некелі күйеуі ғана жүзеге асыра алады. Күйеуі өзіне жүктелген істерді өзге ер кісіге беруіне болмайды. Сол секілді, әйел де күйеуінен өзге ер кісіге осы істерді (яғни күйеуіне ғана шектелген істерді) садақа етуіне, жалға беруіне, сатуына ақысы жоқ. Әйелдің бүкіл тәні, жатыры күйеуінен басқа ер кісіге харам болғандықтан жатырын жалға беруге, сатуға рұқсат етілмейді.

Егер әйелге жатырын сатуға немесе жалға беруге рұқсат етілсе, бала өз тегін білмей, оның әкесі де: «Мынау менің балам», – деп айта алмас еді. Тексіздікке алып баратын мұндай ерсі, сөкет істі шариғат еш уақытта құптамайды.

Некелі ерлі-зайыптылардың бала сүю құқығы.

Бала сүю – ерлі-зайыптылардың ортақ нығметі. Әйелі күйеуінің рұқсатынсыз «бала көтермеймін» деп айта алмайды. Себебі, бала сүю күйеуінің де құқығы. Тек жүктілік әйелдің денсаулығына зиян келтіретін болса ғана бала көтермеуге рұқсат етіледі.

Үкім:

Ерлi-зайыптылардың аталық ұрығы мен аналық жұмыртқа жасушасын арнайы түтiкшелерде сырттай ұрықтандырып, оны құрсақ ана қызметін атқаруға ризашылығын білдірген бөтен әйелдің жатырына егуге тыйым салынады.

Әйел жатыры өзгеге жалға да, ақысыз да берілмейді».

Міне, пәтуа осылай дейді. Бірақ мұнда баласыз отбасыға мәселені шешудің нақты амалдары көрсетілмеген. Дегенмен мұнда неке барда балаға рұқсат бар екенін анық аңғарамыз. Демек, бедеулікке ұшыраған отбасының отағасы тоқал алуы керек немесе бала асырап алуы тиіс қой.  Біз солай түсіндік. Ендеше әйеліңіз көтермесе діни басқарманың пайымынша тоқал алу керек пе?.. Бұған бәйбіше қалай қарайды, өзі?..

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз