Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Шардарадағы атыс бойынша үшінші күдікті ұсталды

Еске салайық 7-ші қыркүйек күні Шардара ауданының Достық ауылында жаппай атыс болып, 22 жастағы жігіт көз мерт болды. Тағы екі адам түрлі оқ жарақатымен ауруханаға түскен еді.

Кейіннен бұл қылмысқа қауын артып жатқан жердегі жұмысшылардың арасында туған жанжалдың себеп болғаны анықталды.

28 – 32 жас шамасындағы сезіктілер Шардара ауданының тұрғындары болып шықты. Араларында біреуі бұрын сотталып, жазасын өтеп шыққан.

Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 99 бабының, 2 бөлігі 1, 6, 7, 9 тармақтары («Адам өлтіру»), 287 бабы, 4 тармағы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) және 293 баптың 3 бөлігі, 2 тармағы (Бұзақылық) бойынша іс қозғалған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз