Нұр-Сұлтан
Қазір
-15
Ертең
-20
USD
524
+1.73
EUR
547
+2.80
RUB
4.99
-0.06

Шардарада әжетхана тесігіне түсіп кеткен бойжеткен қаза болды

«Аудан орталығындағы «Глобус» дәмханасының әжетханасынан адам мәйіті табылды дегенді естігенде таңқалдық. Басынан қатты жарақат алған қыз баланы өлтірген соң мәйітін бүктеп тесіктен тастап жіберіпті. Кейін белгілі болғаны, марқұм орталықтағы мекемелердің бірінде хатшы болып қызмет атқарып жүрген екен. Әзірге оны кім, не үшін, қалай, қашан өлтіргені белгісіз. Тіпті мәйітті алғаш кім тапқаны жөнінде де айтылып жатқан жоқ. Тек ұзынқұлақтан бұл қылмысқа қатысты екі жігіт ұсталды дегенді естідік. Бірақ ол мәліметтің де қаншалықты рас-өтірігін білмейміз. Жас қыз мас болып әжетханаға өзі түсіп кетіпті деп қылмыстық істі жауып тастамаса болар еді деген күдік бар. Бірақ олай істей алмайтын шығар?

Бізге салса, мұндай жауыздыққа барған қылмыскер ұсталып, басқаларға сабақ болуы үшін оны ешқандай сотсыз сол әжетханаға тірідей көме салу керек. Осындай қатал шара болмаса, ел арасында бұрын адам естімеген сұмдықтар көбейіп кетті. Бәлкім адамдар сол кезде ойланатын шығар.

Жалпы, Шардарада қыз жоғалыпты деген хабарды естімеп едік. Соған қарағанда, қайғылы оқиға жақын күндері болса керек-ау деген болжам бар».

Бұдан кейін біз Шардара аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Аппаз Тұрғанбаев­қа хабарласып, аталған мәселе жөнінде айтып беруді сұрадық.

«Марқұмның денесінде ешқандай жарақат жоқ, – деді ол кісі. – Қыз байқаусызда әжетхана тесігіне түсіп кеткен. Шымкентте тағы да қосымша сараптама тағайындалды.

Қыздың салмағы 44 келі, бойы 150 сантиметр екен. Ал әжетхана тесігінің ені 25, ұзындығы 55 сантиметр екені анықталды. Сөмкесі мен телефонын кірген жерде есік алдына қойған. Бір күн жатып қалыпты, кейін сол жердегілер байқаған.

Қызды біреулер өлтіріп әжетханаға тастапты деген – бекер әңгіме, ұсталған да адам жоқ. Тағы айтамын, мәйітте ешқандай да жарақат жоқ. Денесінде де зорлық-зомбылық ізі жоқ».

…Заң адамы осылай дейді. Ал редакциямызға хабарласқан Қ.Нұртөреевтің айтқаны мүлде басқаша.

Сонда шындық қай жағында?

М. РАЙЫМБЕК

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз